Ішкі талдау

Ішкі талдау

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «СҚО әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» КММ (бұдан әрі-Басқарма) қызметінде төмендегі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді: 1) басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2021 жылдың II-IV тоқсанындағы, 2022 жылдың 8 айы ішіндегі Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.