«Енбек жолы» — 2022 конкурсының облыстық кезеңiнiң қорытындысы

«Енбек жолы» — 2022 конкурсының облыстық кезеңiнiң қорытындысы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi жыл сайын «Еңбек жолы» конкурсын өткiзедi, ол Тұңғыш Президент — Елбасының «Қазақстанды әлеуметтiк жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақалаларын iске асыру шеңберiнде өткiзiледi.

Бұл конкурс жастарды еңбектi құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерiн сақтау және көбейту мақсатында үздiк еңбек әулеттерi мен үздiк өндiрiс қызметкерлерiн айқындайды. Конкурс «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы мәртебесiн арттыруға және еңбек өнiмдiлiгiн ынталандыруға ықпал етедi.

Ағымдағы жылғы 01 мамыр мен 01 шiлде аралығында конкурсқа қатысуға үмiткерлерден өтiнiмдер қабылдау жұмысы ұйымдастырылды.

Облыс аудандары мен Петропавл қаласының жұмыс берушiлерiнен барлығы 43 өтiнiм келiп түстi:

  • «Үздiк еңбек әулетi» номинациясы бойынша — 13;
  • «Жұмыс iстейтiн жастардың үздiк тәлiмгерi» номинациясы бойынша — 16;
  • «Өндiрiстiң үздiк жас маманы» номинациясы бойынша — 14.

Комиссия «Еңбек жолы» 2022 конкурсына қатысушылардың материалдарын қарап, «Еңбек жолы» конкурсының ережесiн басшылыққа ала отырып, конкурсқа үмiткерлер iрiктедi және бiрауыздан қабылданған шешiммен орындар былайша бөлiндi:

«Үздiк еңбек әулетi» номинациясы бойынша:

1 орын — Билетченко әулетi, Тайынша ауданы;

2 орын — Хабаевтар әулетi, Жамбыл ауданы;

3 орын — Нашарбековтар әулетi, Айыртау ауданы.

Билетченко әулетi — жалпы жұмышылар саны 13 адамнан тұратын, ең көп марапаттары бар, жалпы еңбек өтiлi 286 жылды құрайтын «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымында бiрнеше жыл қатарынан жұмыс iстеген отбасы.

«Жұмыс iстейтiн жастардың үздiк тәлiмгерi» номинациясы бойынша:

1 орын — Ю.В.Колчин, Петропавл қ.;

2 орын — Ж.И.Құдайқұлов, Уәлиханов ауданы;

3 орын — П.В.Богданов, Мамлют ауданы.

Ю.В. Колчин, 56 жылдық жұмыс өтiлi бар жоғары деңгейлi тәлiмгер, ҚР Еңбек сiңiрген өнер қайраткерi, «Мәдениет саласының үздiгi», «Парасат» орденiнiң иегерi, Юрий Викторовичтiң оқушылары: Роза Шаймарданқызы — педагогика ғылымдарының докторы, Лариса Ивановна — ҚР Еңбек сiңiрген әртiсi, Аманкелдi Оразбайұлы — әдебиет және өнер институтының театр және кино бөлiмiнiң меңгерушiсi, Н.Когдина — камералық хор әртiсi, Л.Зорина — СҚО филармониясының солисi, Ирина Мореева — Мәскеудегi «жаңа опера» солисi, Ғалия Сәкенқызы — СҚО филармониясының камералық хорының көркемдiк жетекшiсi.

«Өндiрiстiң үздiк жас маманы» номинациясы бойынша:

1 орын — Д.В.Гарагуль, Есiл ауданы;

2 орын — Д.А.Ешкенова, Шал ақын ауданы;

3 орын — А.А.Кузьменцов, Петропавл қ.

Гарагул Д.В. КГУ «Кеңес Одағының Батыры — Т.Позолотин атындағы № 1 Явленка орта мектебi»КММ дене шынықтыру пәнiнiң мұғалiмi, өзi белсендi және еңбекқор, жұмыс өтiлi 4 жыл, жұмыс барысында Дмитрий Владимирович өзiнiң кәсiби дағдыларының дамуына үлкен үлес қосты, жұмыс орнында жеке жетiстiктерi бар, 12 жастан асқан балаларға керлинг бойынша жаттығулар өткiзедi, ауданның, облыстың және елiмiздiң қоғамдық өмiрiне белсене араласады. Олимпиада алдындағы iрiктеу сертификатына (2021 жыл), әлем кубогы сертификатына (2021 жыл), керлингтен «ҚР спорт шеберi» атағына ие болды (2019 жыл), Қазақстан Республикасының Кубогы, 2 орын — 2019, Қазақстан Республикасының Кубогы — 2021, 3 орын, Әлем Кубогы — 2022, Қазақстан Республикасының чемпионаты — 1 орын, 2022 жыл.

«Еңбек Жолы» — 2022 конкурсының қорытындысы бойынша конкурстың облыстық кезеңi жеңiмпаздарының материалдары мынадай номинациялар бойынша «Еңбек Жолы» конкурсының республикалық кезеңiне қатысу үшiн жiберiлдi.