Ақпарат

Ақпарат

2022 жылғы 4 мамырда жалпыға ортақ құқықтық оқу шеңберінде Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына ҚР Агенттігінің СҚО бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Д. М. Кәрімжан шақырылып, басқарма қызметкерлерін «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңға және ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне енгізілген өзгерістермен таныстырды.

Әңгімелесу барысында қатысушыларға қолданыстағы заңнама нормалары, сондай-ақ осы нормаларды бұзғаны үшін көзделген мерзімдер мен жауапкершілік туралы түсініктемелер берілді.