Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) 28 сәуiрде Дүниежүзiлiк еңбектi қорғау күнiн атап өтедi

Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) 28 сәуiрде Дүниежүзiлiк еңбектi қорғау күнiн атап өтедi

Бұл күнi бүкiл әлем бойынша еңбек жағдайларын қорғау және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, жұмысшылардың өмiрi мен денсаулығын сақтау саласындағы қызметтi дамытуға ықпал ететiн iс-шаралар өтедi. Мереке қауiпсiз еңбек жағдайларын жүзеге асыру саласындағы қадағалау қызметiн жүзеге асыратын мамандарға бағышталған.

Шын мәнiнде, бұл күн — өзiнiң кәсiби мiндетiн атқару барысында қайтыс болған немесе жарақат алған барлық адамдарды халықаралық еске алу күнi. Жұмыс орындарында жазатайым оқиғалардың және кәсiби аурулардың алдын алу мерекенiң басты миссиясы болып табылады.

Барша қауымды Дүниежүзiлiк еңбектi қорғау күнiмен шын жүректен құттықтаймыз. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жүйесiнiң қалыптасуы мен дамуына қосқан лайықты үлестерiңiз үшiн Сiздерге шексiз алғысымызды бiлдiремiз! Сiздерге жақсылық, табыс тiлей отырып, барлық жоспарларыңыздың жүзеге асуына тiлектеспiз!