Мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасының алқа мәжiлiсi

Мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасының алқа мәжiлiсi

2022 ж. 24.01. облыс әкiмдiгiнiң ғимаратында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Т.С. Сұлтанғазиевтiң қатысуымен Мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасының алқа мәжiлiсi өттi. Басқарма басшысы М.К. Омаров «2021 жылғы жұмыс қорытындылары және 2022 жылға арналған жоспарлар туралы» баяндама жасады.

Алқа қорытындысы бойынша облыс әкiмiнiң орынбасары Т.С. Сұлтанғазиев еңбек заңнамасы саласында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыру бойынша тапсырмалар бердi.