Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша оқу орталықтарына арналған ақпарат

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша оқу орталықтарына арналған ақпарат

Қызметкерлерді, басшыларды және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғаларды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, оларға нұсқау беруді және білімдерін тексеруді жүргізу қағидалары мен мерзімдерінің 38-тармағына (бұдан әрі — Қағидалар), 2020 жылғы 08.28 № 346 өзгерістері бар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығына сәйкес еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытуды және білімдерін тексеруді үйлестіреді.

Қағидалардың 29-тармағына сәйкес жауапты қызметкерлердің білімін тексеру үшін емтихан комиссиясы тестілеу өткізеді. Тестілеу үдерісі емтихан тапсырушы адамдарды сәйкестендіру және үдерістің өзін бақылау мақсатында бейнежазбамен тіркеледі.

Тестілеуге арналған бөлме тестілеу-жазу үдерісінің бейне және аудиожазбасын жүргізуге арналған техникалық құралдармен жарақтандырылады және алты ай бойы сақталады.

Қағидалардың 31-тармағына сәйкес қызметкерлердің білімін тексеру нәтижелері осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға емтихан комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган білімді тексеру хаттамаларын кезекті тексеріске дейін сақтауды ұсынады.

Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытылған және тексеруден өткен қызметкерлердің, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың саны бойынша есептерді еңбек жөніндегі уәкілетті органға жіберетіндігіне байланысты, Сізден осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделген хаттамаларды аумақтық тиесілігі бойынша, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға әр айдың 25-күніне қарай жіберуді сұрайды.

Қағидалардың 23-тармағына сәйкес оқу орталығы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі оқу бағдарламалары мен жауапты қызметкерлерге арналған тақырыптық жоспарды бекітеді, экономика салаларын ұйымдастыру ерекшелігін ескере отырып, теориялық оқытуды көздейді және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органмен келісіледі.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқу ұзақтығы 36 академиялық сағатты және білімді тексеру үшін 4 академиялық сағатты қамтитынын ескерсек, оқуға жұмсалатын уақыт кемінде 40 академиялық сағатты құрайды.

ҚР Еңбек кодексінің баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, ҚР 2020 жылғы 12.19 № 386-VI еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі Заңына сәйкес, Сізден оқу бағдарламалары мен тақырыптық жоспарларды қайта қарауды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі оқу бағдарламаларын және келісу үшін жауапты қызметкерлер үшін тақырыптық жоспарды ұсынуды сұраймыз.