Қазақстаннның Тәуелсiздiк күнiне орай құттықтау сөздер

Қазақстаннның Тәуелсiздiк күнiне орай құттықтау сөздер

Бұл мереке — жаңа егемен және тәуелсiз Қазақстан Республикасының туған күнi. Осындай аз ғана тарихи кезеңде Қазақстан халқы ортақ күш-жiгерiнiң арқасында демократиялық, құқықтық және экономикалық тәуелсiз мемлекет ретiнде аяғына нық тұра бiлдi.

Тәуелсiздiк күнi — әрбiр қазақстандық үшiн айтулы мереке. Бұл — бiздiң ортақ Отанымыздың бостандығының, әл-ауқатының және қуатының нышаны iспеттес.

Әр үйге және әр отбасына денсаулық пен амандық, молшылық, тыныштық пен бейбiтшiлiк тiлеймiн!