Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнiмен құттықтау

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнiмен құттықтау

Құрметтi солтүстiк-қазақстандықтар!

Сiздердi мемлекеттiк мереке — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Күнiмен құттықтаймын! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев — өзiнiң барлық күш-жiгерiн бәсекеге қабiлеттi мемлекет құру үшiн жұмсайтын көрнектi ұлт Көшбасшысы. Сондықтан да оның стратегиялық ойлау қабiлетi мен көреген саясаты әлемдiк көшбасшыларды таң қалдырып, адамдардың шынайы құрметiн тудырады, қазақстандықтарға ондаған жылдарға қоғам дамуының басымдықтарын айқындауға мүмкiндiк бередi. Сiздерге шын жүректен мықты денсаулық, бақыт, бейбiтшiлiк және әрбiр отбасына құт-береке, сондай-ақ, егемендi мемлекетiмiздiң одан әрi гүлденуi үшiн атқаратын еңбектерiңiзге табыс тiлеймiн!