Жұмыс тобының отырысы

Жұмыс тобының отырысы

2021 ж. 16.11. СҚО әкiмiнiң орынбасары Ғ.С. Нығыметовтiң төрағалығымен еңбек жанжалдарын мониторингiлеу және шешу жөнiндегi жұмыс тобының кезектi отырысы өттi.

Отырыста Солтүстiк Қазақстан облысында еңбек саласындағы ағымдағы жағдай және еңбек жанжалдарының туындауына ықтимал тәуекелдер туралы; бiлiм беру ұйымдарындағы еңбек саласының жай-күйi туралы; құрылыс кәсiпорындарындағы еңбек саласының жай-күйi туралы; Тайынша ауданы мен Петропавл қаласының кәсiпорындарындағы мiндеттi зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек туралы; мемлекеттiк қызметшiлердiң саны қысқарған кезде кепiлдiктердi сақтай отырып, жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету туралы; шетелдiк жұмыс күшiн тартатын кәсiпорындардағы еңбек саласының жай-күйi туралы мәселелер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша тиiстi тапсырмалар берiлдi.