Құрметтi, халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң қызметкерлерi!

Құрметтi, халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң қызметкерлерi!

Сiздердi кәсiби мерекелерiңiзбен шын жүректен құттықтаймын!

Әлеуметтiк қызметкерлер күнi — жұмысы қазақстандықтарға көмек көрсетумен тығыз байланысты болып келетiн адамдардың мерекесi. Сiздер күн сайын бiздiң құрметтi зейнеткерлерiмiздiң, мүгедек адамдардың, балалы отбасылар мен аз қамтылған азаматтардың игiлiгi үшiн жан салмай еңбек етесiздер. Сiздердiң арқаларыңызда қиын өмiрлiк жағдайға тап болған қазақстандықтар қаншама қиындықты еңсеруде. Өздерiңiзге жүктелген мiндеттердi орындай отырып, Сiз қамқорлыққа мұқтаж барлық адамдарға мейiрiмдiлiк пен жанашырлық таныта отырып, жарқын болашаққа деген үмiтiн арттыра түсесiздер. Сiздердiң кәсiби қызметiңiз гуманизм, iзгiлiк және шыдамдылық сияқты қарапайым адами қасиеттерге негiзделген. Қазақстанда Тәуелсiздiк жылдары әлеуметтiк мемлекеттiң берiк iргетасы қаланды. Сiздердiң бұған қосқан үлестерiңiз де аз емес.

Барлық әлеуметтiк сала қызметкерлерiн кәсiби мерекелерiмен шын жүректен құттықтаймын! Сiздерге бақытты және ұзақ өмiр, отбасыңыздан және достарыңыздан амандығын, береке мен бiрлiк тiлеймiн! Сiздердiң сүйiктi iсiңiзге деген адалдығыңыз үшiн рахмет айтамын!