Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум

06 қазан 2021 ж. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы Сабағанов Мирас Қапетұлы бiр жағынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi басшысы Степаненко Елена Федоровна, бұдан әрi «Тараптар» деп аталады, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексi, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, Мемлекеттiк қызметшiлердiң Әдеп кодексi, Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi Жалпыұлттық iс-шаралар жоспарын, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының 2018 жылғы 12 қазандағы № 1599//18-01-38.32 бұйрығымен бекiтiлген 2017 жылғы мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерi бойынша берiлген тапсырмаларды қоспағанда, бақылау жөнiндегi, «Қазақстан Республикасы Президентiнiң, оның әкiмшiлiгi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жұмыс Регламентiн бекiту және құжат айналымын қысқарту туралы «Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2017 жылғы 25 тамыздағы №184 өкiмiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2018 жылғы 6 қарашадағы №140 өкiмi, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң 2021 жылғы 22 шiлдедегi 5451-29 ПАБ тапсырмасы талаптарын басшылыққа ала отырып, өз құзыретi мен өкiлеттiгi шегiнде келiсiмге қол жеткiздi және өзара ынтымақтастық туралы осы Меморандумға қол қойды.

Тараптар ынтымақтастығының мақсаты Тараптар арасындағы өзара әрекеттесудi мемлекеттiк органдардың еңбек заңнамасы мен мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасының сақталуы бойынша ұйымдастыру, мемлекеттiк қызметшiлердi үстеме жұмысқа тарту, еңбек тәртiбiн бұзудың жолын кесу, еңбек заңнамасы мен мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманың және Мемлекеттiк қызметшiлердiң Әдеп кодексiн жетiлдiру болып табылады.