Құрметтi зейнеткерлер!

Құрметтi зейнеткерлер!

Сiздердi Қарттар күнi мерекесiмен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн аға буын өкiлдерiне олардың жасы туралы еске салу емес, бiздiң әкелерiмiз бен аналарымызға, соғыс, еңбек ардагерлерiне, зейнеткерлерге, облыстың қарт тұрғындарына көп жылдық адал еңбегi үшiн, еңбек тәжiрибесi, мейiрiмдiлiгi мен даналығы үшiн жылы сөздер айтуға тамаша мүмкiндiк деп ойлаймын!

Сiздерге шын жүректен зор денсаулық, ұзақ өмiр, болашаққа деген сенiм, үмiт және махаббат тiлеймiз! Қарт адамдарды тек мереке күнi ғана емес, әрқашан құрмет тұту — әрбiр азаматтың мiндетi болғай!