Кеңеске қатысу

Кеңеске қатысу

2021 жылғы 29 қыркүйекте СҚО әкiмдiгiнiң ғимаратында облыс әкiмiнiң орынбасары А.Ж. Сакипкереевтiң қатысуымен облыстық әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi үшжақты комиссияның отырысы өттi. Бұл iс-шараға Мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасы басшысы М. Омаров қатысып, «Солтүстiк Қазақстан облысындағы еңбек қатынастарының жай-күйi туралы» және «Еңбек шарттарын электрондық форматқа толық көшiру, аудандар мен Петропавл қаласы бөлiнiсiнде «2021 жылғы еңбек шарттарын есепке алудың бiрыңғай жүйесiне» қосу бойынша жоспарлы көрсеткiштерге қол жеткiзу туралы» тақырыптарында сөз сөйледi.