Меморамдум

Меморамдум

ҚР Президентiнiң «Қазақстан-2050» стратегиясында, «100 нақты қадам — ұлт жоспары», «Рухани жаңғыру» бағдарламаларында алға қойылған мiндеттердi орындау, дауларды сотқа дейiн және соттан тыс реттеу институттарын жан-жақты дамыту және белсендi енгiзу бойынша өзара iс-қимылды нығайту, сотта дауларды (жанжалдарды) реттеу, осы саладағы нақты мемлекеттiк саясатты тұжырымдау мен iске асыру саласындағы ынтымақтастық үшiн бүгiн, яғни 2021 жылғы 09.09. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасы» КММ басшысы Марат Қосылұлы Омаров «Халықаралық медиация орталығы» Республикалық қоғамдық бiрлестiгi мен Жанжалдарды (дауларды) шешудiң баламалы тәсiлi ретiнде медиацияны дамыту саласындағы Петропавл қаласының «Тәжiрибе жүргiзетiн заңгерлердiң ұлттық орталығы» (ТЖЗҰО) республикалық қоғамдық бiрлестiгi атынан әрекет ететiн «RPA IMC» президентiнiң СҚО бойынша өкiлеттi өкiлi Алтын Би Бесембаевамен бiрлесiп өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты медиацияны дамытуды және қызметтiң конструктивтiлiгi, ашықтығы және тиiмдiлiгi қағидаттарында жанжалдарды шешудiң басқа да балама тәсiлдерiн қамтамасыз ету бойынша бiрлескен және келiсiлген iс-қимылдарды жүзеге асыру болып табылады.