«Еңбек жолы» - 2021 аймақтық байқауының қорытындысы

«Еңбек жолы» - 2021 аймақтық байқауының қорытындысы

Бұл конкурс жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту мақсатында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындайды.

Конкурс "Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы" ұранымен еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыруға және еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал етеді.

"Еңбек жолы" конкурсын өткізу бойынша өңірлік деңгейде мынадай іс-шаралар іске асырылды:

  1. СҚО әкімінің орынбасары А.Ж. Сақыпкереевпен бекітілген «Еңбек – елдің мұраты» арнайы жобасын іске асыру және 2021 жылы «Еңбек жолы» конкурсын өткізу жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді;
  2. конкурстың өңірлік кезеңіне қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы әкімдіктер сайтында және БАҚ-та орналастыру арқылы жарияланды;
  3. жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестік тараптарының назарына жеткізілді;
  4. ағымдағы жылғы 15 наурыз бен 01 шілде аралығында конкурсқа қатысуға үміткерлерден өтінімдер қабылдау ұйымдастырылды.

Басқарма мекенжайына 17 өтінім келіп түсті:

  • "Үздік еңбек әулеті" номинациясы бойынша — 9;
  • "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" номинациясы бойынша — 5;
  • "Өндірістің үздік жас маманы" номинациясы бойынша — 3.

2021 жылғы «Еңбек жолы» конкурсына қатысушылардың материалдарын қарап, "Еңбек жолы" конкурсының Ережесін басшылыққа ала отырып, Конкурсқа үміткерлерді іріктеу жүргізілді және орындар былайша бөлінді:

«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша:

1 орын – Звольские (Тайынша ауданының «Астық STEM» ЖШС жұмыс істейді, әулет);

2 орын – Рахымовтар (Петропавл қ., «Партнер-Авто» ЖШС жұмыс істейді, әулет);

3 орын – Серғазиндер (Уәлиханов ауданының «Уәлиханов ОАА» ШЖҚ КМК жұмыс істейді, әулет).

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша:

1 орын — А.П.Гайворонский, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» Жаңа-Есіл сигнализация және байланыс дистанциясының қызметкері, Ғ.Мүсірепов ат. ауданы;

2 орын – В.П.Чубик, «Новый труд» ЖШС қызметкері, Тайынша ауданы;

3 орын – А.П.Коротков, «Левин В.Д.» ЖК қызметкері, Қызылжар ауданы.

«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша:

1 орын – Е.П.Сәбитбек, «Жолдасбай Агро» ФШ қызметкері, Уәлиханов ауданы;

2 орын — С.Э.Вельц, «ES GLOBAL Agro» ЖШС қызметкері, Ғ.Мүсірепов ат. ауданы;

3 орын – А.В.Жолудев, «Левин В.Д.» ЖК қызметкері, Қызылжар ауданы.

Конкурстың облыстық кезеңі жеңімпаздарының құжаттары әр номинация бойынша 2021 жылдың 10 тамызына дейін "TЕңбек жолы" конкурсының республикалық кезеңіне қатысу үшін ҚР ЕХӘҚМ-ға жіберіледі.