«Еңбек шартын жасаңыз!» республикалық акциясы

«Еңбек шартын жасаңыз!» республикалық акциясы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша «Еңбек шартын жасаңыз!» республикалық науқанының жалғасатынын жариялады.

«Еңбек шартын жасаңыз!» республикалық науқанының мақсаты қызметкерлердің бейресми жұмыспен қамтылу фактілерін азайту, азаматтардың еңбек саласындағы құқықтары туралы хабардар болу деңгейін арттыру болып табылады.

Бейресми еңбек қатынастары ұғымын жеке және заңды тұлғалардың еңбек қарым-қатынастары белгілері бола тұра (қызметкерлердің жұмысты (еңбек функциясын) белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша еңбек тәртіптемесіне жеке бағына отырып, міндеттемелерді орындауы), жалдамалы қызметкерлердің еңбегін еңбек шартын жасамай, жалақы конверттерде бере отырып пайдалануы деп түсінген жөн.

«Еңбек шартын жасаңыз!» республикалық акциясының міндеттері:

  1. еңбек қатынастарын заңдастыру;
  2. бейресми жұмыспен қамтылған азаматтарды зейнетақы, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесіне тарту;
  3. халықтың бейресми жұмыспен қамту жағымсыз пікірін қалыптастыру;
  4. жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға бару арқылы бейресми жұмыспен қамту тәуекелдерін бағалау негізінде, профилактикалық бақылау жүргізу жолымен әкімшілік ден қою шараларын және бақылауды күшейту;
  5. Медиа ресурстарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың, әлеуметтік әріптестердің қатысуымен халық арасында жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Неғұрлым көкейкесті проблемалардың бірі - қызметкерлердің еңбегін еңбек шарттарын немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім-шарттарын жасамай пайдалану. Бұл ретте көлеңкелі еңбек қатынасы, әдетте, жұмыс берушілердің үнемдеу мақсатында бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдерден бас тартуының салдары болып табылады.

ҚР-да өткен жылы жүргізілген аула-ауланы аралау нәтижесінде, жұмыс берушілер міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдарды аудармайтын, шамамен, бір миллион адам анықталды.

Сонымен қатар, республика бойынша соңғы 2 жылда мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметкерлердің еңбегін еңбек келісім-шарттарын жасамай пайдаланған мыңнан астам жұмыс берушіні анықтады. Негізінен, бұл мамандар құрылыспен, саудамен, қоғамдық тамақтандыру және ауыл шаруашылығымен айналысатын адамдар болып шықты.

Осыған байланысты, еңбек қатынастары, сондай-ақ, еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастар еңбек шартымен, жұмыс берушінің актісімен, келісіммен және ұжымдық шартпен реттелетінін атап өткім келеді.

Еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келісім. Бұл шартқа сәйкес қызметкерлер еңбек тәртібіне бағына отырып, белгілі бір мамандық бойынша жұмыстарды орындауға, ал жұмыс беруші ҚР Еңбек кодексінде, ҚР Заңдарында және ҚР басқа да нормативтік-құқықтық актілерінде, жұмыс берушінің актілерінде қарастырылған айлық жалақыны төлеуге және тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге міндетті болады.

Мәселен, ҚР Еңбек кодексі 33-бабы 1-тармағына сәйкес еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі дана етіп жасалады және оған тараптар қол қояды. Еңбек шарты қызметкерде және жұмыс берушіде бір-бір данадан сақталады. Қызметкер еңбек шарты жасалғаннан кейін ғана жұмыс істеуге жіберіледі.

ҚР Еңбек кодексі 33-бабы 1-тармағына сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, осы Кодекстің 28-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтер қамтылған, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті.

Жұмыс берушінің қызметкермен еңбек шарты жасауының қандай жағымды жақтары бар?

Біріншіден, ол қызметкерден жұмыстың айтылған көлемде, орында және белгілі бір уақытта орындалуын талап етуге құқылы. Екіншіден, жұмыс беруші қызметкерден оның коммерциялық және өндірістік құпиясын, тыйым бәсекелестігін сақтауды талап ете алады. Үшіншіден, жұмыс беруші келтірілген мүліктік шығынды өтеуді талап етуге құқылы. Осылайша, еңбек шарты жұмыс берушіге қызметкерді бақылауды қамтамасыз етеді.

Қызметкердің еңбек шартын жасауының қандай жағымды жақтары бар?

  • айлық жалақысын уақытылы және толық көлемде алады;
  • толық әлеуметтік топтамаға үміткер бола алады (демалыс күндерін, үстеме жұмыстарға, уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы, іссапарлар мен еңбек демалысы сомаларын алу);
  • жұмыс орындарында лайықты еңбек жағдайларымен қамтамасыз етіледі;
  • зейнетақы жарналарын аудару арқылы жинақтаушы зейнетақы қорының қатысушысы болады;
  • медициналық және әлеуметтік қамтамасыз етіледі (жұмыс беруші тиісті қорларға белгіленген сомаларды аударады).

Осы фактілер еңбек шартын жасау қызметкерге де, жұмыс берушіге де тиімді екенін дәлелдейді.

Дегенмен, қызметкермен еңбек шарты жасалмаған жағдайда жұмыс берушінің жауапкершілігі туралы ұмытпағанымыз жөн. Мәселен, 2020 жылы СҚО бойынша еңбек шартын жасаспай жұмысқа жібергені үшін 13 кәсіпкерлік субъекті (76 қызметкер еңбек шартын жасаспай жұмыс істеді) жалпы сомасы 411 620,0 теңгеге айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы жылдың өткен кезеңінде жалпы сомасы 452 135,0 теңгеге 4 кәсіпкерлік субъекті (11 жұмыскер жұмыс істеді) жауапкершілікке тартылды.

Осыған байланысты, жұмыс берушілерді де, қызметкерлерді де «Еңбек шартын жасаңыз!» республикалық науқанына қатысуға шақырамыз. Барлық туындаған мәселелер бойынша Басқармада 46-86-06 жедел желі телефоны жұмыс істейтінін хабарлаймыз.