Өмiрiн мемлекеттiк қызметке арнағандар!

Өмiрiн мемлекеттiк қызметке арнағандар!

Мырзақанова Гүлнар Маратқызы 1962 жылы туған, Қазақстан Республикасының тумасы, Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Луговое ауылында туған. Ұлты: қазақ.

1984 жылы Алматы энергетикалық институтын «Электроэнегетика» мамандығы бойынша тамамдаған.

Гүлнар Маратқызы өзiнiң еңбек жолын 1985 жылы Смирнов элеваторында қауiпсiздiк техникасы бойынша инженер лауазымынан бастайды.

2001 жылдың мамыр айынан бастап «Северная звезда» ЖШС қауiпсiздiк техникасы бойынша инженер болып жұмыс iстейдi.

2007 жылдан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтiк қорғау департаментiнде мемлекеттiк еңбек инспекторы лауазымында, содан кейiн мекеменiң қайта ұйымдастырылуына байланысты, 2013 жылдан бастап «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасы» КММ-не еңбек қауiпсiздiгiн бақылау және еңбектi қорғау бөлiмiнiң бас маманы — мемлекеттiк инспектор болып ауысады.

Жалпы еңбек өтiлi: 35 жылдан астам, мемлекеттiк қызметтегi еңбек өтiлi: 14 жылдан астам.

Жұмыс барысында Гүлнар Маратқызы өзiн сауатты маман, ҚР заңнамалық және нормативтiк актiлерiн тәжiрибеде қолдана алатын, принциптi және жауапты қызметкер ретiнде көрсете бiлдi.

Өз жұмысын тиiмдi жоспарлай алады. Кәсiби құзыреттiлiгi тиiстi деңгейде, жұмыс тәжiрибесi және кәсiби бiлiмi бар, өз жұмысында ақпараттық технологияларды қолданады. Өз бiлiмiн негiзде арттырып отарыды.

Қызметтiк әдеп нормаларын және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтайды. Жауапты, ұқыпты, әрiптестерiмен және қабылдауындағы азаматтармен қарым-қатынас барысында сыпайылық пен мейiрiмдiлiк танытады.

2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 20 жыл» мерейтойлық медалiмен, 2018 жылы «Әлеуметтiк-еңбек саласының үздiгi» медалiмен марапатталған.

2015 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң Құрмет грамотасымен, 2021 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң Алғыс хатымен марапатталды.

Әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң дамуына елеулi үлесiн қосқан. Басқарма ұжымында лайықты бедел мен құрметке ие.

Мемлекеттiк қызметшi болғанымды мақтан тұтамын!

— Өмiрiмнiң 14 жылын мемлекеттiк қызметке арнағанымды мақтан тұтамын. Мемлекеттiк қызметке 2007 жылы келiп, Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтiк қорғау департаментiне мемлекеттiк еңбек инспекторы лауазымына тағайындалдым, содан кейiн 2013 жылы мекеменiң қайта құрылуына байланысты, «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасы» КММ-не еңбек қауiпсiздiгiн бақылау және еңбектi қорғау бөлiмiнiң бас маманы — мемлекеттiк инспектор болып ауыстым. Менiң жұмысым маған өте ұнайды. Бүкiл өмiрiмдi мемлекеттiк қызметке арнауға дайынмын. Мен үшiн мемлекеттiк қызмет — бұл адамдарға қызмет ету, Отанға қызмет ету.

Әрiптестерiмдi кәсiби мереке-мемлекеттiк қызметшi күнiмен құттықтаймын! Оларға зор денсаулық, отбасылық бақыт, жұмыста табыс тiлеймiн!

Кудрявцева Татьяна Васильевна 1978 жылы туған, Қазақстан Республикасының тумасы, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қ. туған. Ұлты: белорус.

«Құқықтану» мамандығы бойынша 1997 жылы Петропавл экономика және құқық колледжiн, 2003 жылы Солтүстiк Қазақстан заң академиясын бiтiредi.

Татьяна Васильевна Кудрявцева өз еңбек жолын 1998 жылы «Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтiк қорғау департаментi» ММ-нiң әлеуметтiк қорғау органдарында жетекшi маманы, содан кейiн еңбек туралы заңнаманың сақталуына бас маманы ретiнде бастайды.

2013 жылдан бастап «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасы» КММ-нiң еңбек қатынастарын бақылау бөлiмiнiң бас маманы — мемлекеттiк инспекторы болып iстейдi, ал 2014 жылдан бастап еңбек қатынастарын бақылау бөлiмiнiң басшысы — мемлекеттiк еңбек инспекторы лауазымына тағайындалады.

2015, 2018 жылдары Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң Алғыс хаттарымен, 2020 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң Құрмет грамотасымен марапатталады.

Мемлекеттiк қызметтегi еңбек өтiлi 23 жылды құрайды. Мемлекеттiк қызметке түскен уақыттан бастап тәртiптiк жазаға тартылған жоқ.

Өз жұмысын тиiмдi жоспарлай алады. Кәсiби құзыреттiлiгi тиiстi деңгейе, жұмыс тәжiрибесi және кәсiби бiлiмi бар, жұмыста ақпараттық технологияларды қолданады. Өз бiлiмiн тұрақты негiзде арттырып отырады.

Қылмыстық және әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған жоқ.

Қызметтiк әдеп нормаларын және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтайды. Жұмыста жауапты және ұқыпты, әрiптестерiмен және қабылдауға келетiн азаматтармен қарым-қатынаста әдептiлiк, сыпайылық танытады.

Мемлекеттiк қызметшi болғанымды мақтан тұтамын!

— 1998 жылы колледждi бiтiргеннен кейiн «Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтiк қорғау департаментi» ММ-нiң әлеуметтiк қорғау органдарында жетекшi маманы лауазымына жұмысқа орналастым. Содан берi мемлекеттiк қызметте үзiлiссiз қызмет атқарып келемiн. Менiң жұмысым үлкен жауапкершiлiктi талап етедi, дегенмен өзiме ұнайды. Менiң өмiрлiк ұраным — тек қана алға! Мен өз жұмысымды жақсы көремiн, өйткенi менiң жұмысым болашаққа деген сенiмдiлiк бередi.

Менiң ойымша, әр адам өз жұмысына шын көңiлмен берiлуi керек. Сонда ғана ол жемiстi болады. Мен өзiмдi таңертең жұмысқа асығатын, кешке үйге қуанышпен оралатын бақытты адам деп санаймын. Менiң ойымша, өз жұмысын адал атқарудан, әрiптестерiне қолдау көрсетуден, өзара түсiнiстiк орнаған және ортақ мүдделерi бар ұжымның бiр бөлiгi болудан артық бақыт жоқ. Бүгiнгi күнi менiң жұмысым көңiлiмнен толығымен шығады деп айта аламын.

Барлық әрiптестерiме еңбекте табыс және кәсiби мансап тiлеймiн!