Құрметтi мемлекеттiк қызметшiлер!

Құрметтi мемлекеттiк қызметшiлер!

Кәсiби мереке — Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет күнiмен шын жүректен шыққан шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Мемлекеттiк мекемелер ҚР Президентi мен Үкiмет айқындаған республикамыздың қалыптасуы мен дамуының стратегиялық бағыттарын iске асырудың базалық негiзi болып табылады.

Мемлекеттiң күшi — оның қызметкерлерiнде, мемлекеттiк жобалар мен бағдарламаларды шешу сәттiлiгi, көбiнесе, жұмыс тиiмдiлiгiмен, тәжiрибе мен жанқиярлықпен тығыз байланысты болады. Халық сiздерден жоғары кәсiбилiктiң, адамгершiлiктiң, отаншылдықтың, заңдылықтың сөзсiз сақталуын күтедi.

Әлеуметтiк және экономикалық өзгерiстер, көбiнесе, сiздердiң қызметтерiңiзге байланысты. Ел жоғары кәсiби, ұйымдасқан, құқықтық және нәтижелi басқарылған жағдайда ғана табысты болады және гүлденедi.

Сiздердiң күш-жiгерлерiңiз алдағы уақытта да қазақстандық мемлекеттiлiктi дамытуға, демократияны қамтамасыз етуге, елдiң экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқатының өсуiне бағытталатынына сенемiн.

Адал жұмысыңыз бен мемлекеттiк қызметке деген адалдығыңыз үшiн алғыс бiлдiремiн!

Сiздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық және Отанымыз — Қазақстан Республикасының игiлiгi жолындағы барлық бастамаларыңызға табыс тiлеймiн!

I/н Мемлекеттiк
еңбек инспекциясы
басқармасының басшысы
М.Омаров