Еңбекті қорғау-әркімнің жауапкершілігі

Еңбекті қорғау-әркімнің жауапкершілігі

2026 жылғы 28 қыркүйекте Мемлекеттік еңбек инспекторы А.Г. Закерьянов Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қызметкерлерімен бірлесіп "Севиль Жар" ЖШС-де еңбек ұжымымен ақпараттықтүсіндіру кездесуін өткізді

Іс-шара барысында қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негізгі нормалары, еңбек құқықтарын сақтау және қорғау мәселелері сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы талаптар түсіндірілді

 Өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу қауіпсіздік талаптарын сақтау және өндірістік жарақаттану кезіндегі қызметкерлердің іс-әрекеттеріне ерекше назар аударылды

Мұндай кездесулерді өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді