Бірыңғай есеп беру күніндегі баяндама

Бірыңғай есеп беру күніндегі баяндама

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті басшысының м.а. Ә.Ж. Әбдіғалиева Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жыл сайынғы «Бірыңғай есеп беру күні» іс-шарасында бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдындағы есеп беруі аясында өңір кәсіпорындарындағы еңбек қатынастары саласындағы жағдай туралы баяндама жасады.

Ағымдағы жылдың 8 айында мемлекеттік еңбек инспекторлары облыстың 176 кәсіпорнын тексерді. Бұл ретте еңбек заңнамасын 250 бұзушылық анықталды, оның ішінде еңбек қатынастары бойынша - 149, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 101.

Еңбек заңнамасын сақтау бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.