Солтүстік Қазақстан облысында Еңбек күніне орай жұмысшы мамандарды ұлықтаған салтанатты іс-шара өтті.

Солтүстік Қазақстан облысында Еңбек күніне орай жұмысшы мамандарды ұлықтаған салтанатты іс-шара өтті.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Еңбек жолы» және «Парыз» конкурстарының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттады.

«Парыз» конкурсының жүлделері лайықты әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын жасайтын, әлеуметтік жобаларды іске асыратын және қоршаған ортаға қамқорлық көрсететін кәсіпорындарға бұйырды. Жеңімпаздар қатарында «Акселеу», «Шал ақын АГРО-2020», «САҒАТ-СК», «Александровское», «Утилизация и переработка» және «Бай-Еңбек» ЖШС бар.

«Еңбек жолы» конкурсы еңбегі басқаларға үлгі болып жүрген жандарды атап өтеді. Есіл ауданының «Азия-Таранғұл» ЖШС-дан шыққан Чесноковтар отбасы «Үздік еңбек әулеті» деп танылды. С.М. Киров атындағы зауыттың шебері Санат Мақанов жұмысшы жастардың үздік тәлімгері атанды, ал Солтүстік Қазақстан таратушы электр желілірі компаниясының шебері Айдарбек Қалидаров өндірістің үздік жас қызметкері атағына ие болды.

Іс-шара соңында өңірдің барлық тұрғындарының атына Еңбек күніне орай құттықтау сөздер айтылды. Күнделікті қажырлы еңбегімен Солтүстік Қазақстан облысы мен бүкіл елдің дамуына елеулі үлес қосып жүрген жұмысшы мамандықтарының иелеріне ерекше алғыс сөздері арналды.