
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ерсаев қандастар мен қоныс аударушыларды көшіру жөніндегі шаралардың іске асырылуымен танысты Өңірге сұранысқа ие мамандарды тартуға және оларды табысты бейімдеу үшін жағдай жасауға ерекше назар аударылды Министр сонымен қатар қандастарды уақытша орналастыру үшін жатақханаға барып онда тұру жағдайларымен және бейімделу іс-шараларын ұйымдастырумен танысты Осы бағытты дамыту Солтүстік Қазақстан облысының кадрлық әлеуетін күшейтуге және өңірге көшіп бара жатқан адамдар үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға мүмкіндік береді