
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А.М. Ертаев бекіткен 2026 жылғы 10-16 тамыз аралығындағы Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау және қолдау шараларын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспардың 1-тармағын орындау аясында:
2026 жылғы 10 тамызда ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары А.К. Кушербаев «№ 29 орта мектеп» КММ базасында Солтүстік Қазақстан облысы мектептерінің директорларымен кездесу өткізіп, жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі міндеттері бөлігінде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларын түсіндірді.
Облыс мектептері директорларының қойған барлық сұрақтарына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында тиісті жауаптар берілді.