
Кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғау — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басым міндеттерінің бірі.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мақсатында қызметкерлермен еңбек шарттарын міндетті түрде жасасу қажет. Кәмелетке толмаған тұлғаларды түнгі уақыттағы жұмыстарға, еңбек жағдайы зиянды және қауіпті жұмыстарға, сондай-ақ үстеме жұмыстарға тартпау керек.
Осыған байланысты, мемлекеттік еңбек инспекторлары жазғы жұмыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларының кешенін жүргізуде.
Жүргізіліп жатқан іс-шаралар аясында 2026 жылдың шілдесінде кәмелетке толмаған тұлғалар жұмысқа орналасқан 117-ден астам нысанға бару туралы тексеріс жүргізілді. Қорытынды бойынша, кәмелетке толмағандарды еңбек шартын жасаспай жұмысқа тартқаны туралы 49 факт анықталды. Барлық жұмыс берушілерге кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру кезіндегі еңбек заңнамасы нормалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бес жұмыс беруші айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жұмыс берушілердің назарын кәмелетке толмаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау кезінде жоғарыда көрсетілген шектеулер мен талаптардың қатаң сақталуы қажеттілігіне аударамыз.