Еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары

Еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Пресновка орман шаруашылығы» КММ еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында еңбек шарттарын жасасу, өзгерту және тоқтату туралы мәліметтерді Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) уақтылы енгізу мәселелеріне, сондай-ақ белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, жұмыскерлердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы заңнама талаптары түсіндіріліп, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
Осындай түсіндіру іс-шараларын өткізу жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алуға ықпал етеді.