
Ағымдағы жылдың 1-3 шілдесі аралығында Мобильді сыбайлас жемқорлыққа қарсы топ Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау, Есіл, Тайынша, Аққайын аудандары мен Мағжан Жұмабаев атындағы ауданға барды. Кездесулер аудандардың әкімдіктері мен ауруханаларында өтті. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің СҚО бойынша басқармасының заңды өкілі А.К. Көшербаев, «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалымен және «The Last Hope» үкіметтік емес ұйым» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы іс-шаралар кешені» жобасы аясында Қазақстан Республикасының еңбек, азаматтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жобаның негізгі мақсаты – тұрғындарға, әсіресе шалғай елді мекендердің халықына құқықтық көмек көрсету және Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде азаматтардың өзекті мәселелерін мүмкіндігінше жедел шешу.
Аудан тұрғындары өз сұрақтарына жауап алып, еңбек жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстар алды, бұл халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жұмыс орнындағы мүдделерін қорғауға ықпал етеді.