КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ: СҚО-ДАҒЫ БІРЛЕСКЕН РЕЙД

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ: СҚО-ДАҒЫ БІРЛЕСКЕН РЕЙД

СҚО бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті Петропавл қаласының ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесіп, кәсіпкерлер арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Біздің басты міндетіміз — бизнес өкілдеріне жазғы кезеңде кәсіпкерлік нысандарға кәмелетке толмағандарды еңбекке тарту ережелерін ескерту.
Жұмыс берушілермен кездесу барысында:
Алғашқы күннен бастап ресми түрде жұмысқа орналасудың маңыздылығы туралы әңгімелесу жүргізілді.
Жасөспірімдер үшін қысқартылған жұмыс уақыты режимін сақтау нормалары түсіндірілді.
Заңнама талаптары мен Департаменттің байланыс мәліметтері көрсетілген ақпараттық жадынамалар мен буклеттер таратылды.
Кәмелетке tolmaғандардың құқықтарын сақтау ерекше бақылауда. Консультация сұрақтары бойынша: Петропавл қ., Абай көшесі, 64.