
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл және Мамлют аудандарында болып, аудандық әкімдіктер мен ауруханаларда кездесулер өткізді. ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары А.К. Көшербаев «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалымен және «The Last Hope» үкіметтік емес ұйымы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы іс-шаралар кешені» жобасы аясында Қазақстан Республикасының еңбек, азаматтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жобаның негізгі мақсаты – тұрғындарға, әсіресе шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына құқықтық көмек көрсету және мүмкіндігінше азаматтардың көкейкесті мәселелерін заң шеңберінде дереу шешу.
Аудан тұрғындары өз сұрақтарына жауаптар мен еңбек жағдайларын жақсарту бойынша ұсынымдар алды, бұл олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жұмыс орындарындағы мүдделерін қорғауға әсерін тигізеді.