23 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күні!

23 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күні!

Құрметті әріптестер, Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау саласындағы қажырлы еңбектеріңіз, өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз, жоғары кәсібиліктеріңіз бен еліміздің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіргім келеді. Сіздердің жұмыстарыңыз терең құрметке лайықты.

Еңбектеріңіздің жемісін көріп, ел игілігіне қызмет ете беріңіздер.

2026 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтті, оның барысында мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің ведомстволық наградаларымен және Департамент басшысының Құрмет грамоталарымен марапатталды.