ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің СҚО бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы А. Ж. Абдугалиеваның 2026 жылғы 5 маусымдағы "Қазақстанның Бірыңғай еңбек шарттары: қызметкерлерді қорғау және салалық ерекшеліктерді есепке алу"тақырыбындағы сұхбаты"

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің СҚО бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы А. Ж. Абдугалиеваның 2026 жылғы 5 маусымдағы "Қазақстанның Бірыңғай еңбек шарттары: қызметкерлерді қорғау және салалық ерекшеліктерді есепке алу"тақырыбындағы сұхбаты"

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі экономиканың барлық салаларында қолдануға болатын бірыңғай үлгілік еңбек шарттарын, сондай-ақ көлік, құрылыс және қоғамдық тамақтану салаларының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, осы салаларға арналған бөлек үлгілік шарттарды әзірледі.

Бұл шарттар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес келеді, Еңбек кодексінде көзделген барлық міндетті шарттарды қамтиды және мынадай айрықша белгілері бар:

  1. Қызметтің барлық салаларына арналған үлгілік еңбек шартында:

- тараптардың құқықтары мен міндеттері, еңбек жағдайлары, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, еңбекақы төлеу, кепілдіктер мен өтемақыларды қоса алғанда, еңбек қатынастарын кешенді реттеу;

- еңбекті қорғау, материалдық жауаптылық, құпиялылық және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша егжей-тегжейлі нормалардың болуы;

- шартты өзгерту, бұзу және еңбек дауларын реттеу тәртібін реттеу көзделеді.

  1. Көлік саласындағы үлгілік еңбек шартында:

- жол жүрісі қағидаларын сақтау, техниканың сақталуын және тиісінше пайдаланылуын қамтамасыз етуді қоса алғанда, көлік құралын басқаруға байланысты міндеттерді бекіту;

- тиісті санаттағы қолданыстағы жүргізуші куәлігінің болуына қойылатын талаптарды және оның жоғалуы немесе шектелуі туралы хабарлау міндеттерін белгілеу;

- міндетті рейсалды медициналық тексеріп-қараудан өту тәртібін реттеу;

- көлік құралының техникалық күйін бақылау, техникалық байқаудан уақытылы өту және ақаулар туралы хабардар ету бойынша қосымша міндеттерді енгізу;

- қызметкердің көлік құралына келтірілген нұқсан үшін материалдық жауаптылығын бекіту, сондай-ақ оның кінәсінен туындаған айыппұлдар үшін жауаптылықты жүктеу;

- жұмыс уақыты режимінің ерекшеліктерін белгілеу (ауысымдық кесте, жұмыс уақытының жиынтық есебі, түнгі уақыттағы жұмыс);

- жолда болуға байланысты еңбек жағдайларының өзіндік ерекшеліктерін есепке алу;

- жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) есепке алу мен жұмсау және олар бойынша есептілік мәселелерін реттеу;

- жұмыстың жолсапарлық сипатына байланысты қосымша кепілдіктер мен өтемақыларды белгілеу (тәуліктік ақы, жол жүру, тамақтану және тұру шығыстары);

- көлік құралын және азаматтық-құқықтық жауаптылықты міндетті сақтандыру туралы ережелерді енгізу көзделеді.

  1. Құрылыс саласындағы үлгілік еңбек шартында:

- міндетті нұсқамалықтарды және жеке қорғану құралдарын пайдалануды қоса алғанда, еңбекті қорғау бойынша жоғарылатылған талаптар;

- өндірістік тәуекелдер (биіктікте, техникамен, күрделі ауа райы жағдайларында жұмыс істеу);

- қызметкердің қауіпсіздікке байланысты арнайы міндеттерін (рұқсатсыз жұмыс істеуге тыйым салу, қауіп-қатерлер туралы хабарлау міндеті);

- жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету және медициналық тексеріп-қарауларды өткізу жөніндегі міндеттері;

- құрылыс нысанының кестесіне немесе ауысымдылыққа байланысты болатын жұмыс уақытының икемді режимі;

- зиянды жағдайлар, мерзімнен тыс жұмыс үшін қосымша өтемақылар;

- өндірістік процеске, құрылыс кезеңдеріне және жұмыс көлеміне байланысты еңбек жағдайлары көзделеді.

  1. Қоғамдық тамақтану саласындағы үлгілік еңбек шартында:

- санитарлық талаптарды сақтау жөніндегі ережелердің болуы (санитарлық-эпидемиологилық нормаларды, гигиена қағидаларын және тамақ өнімдерінің сапа стандарттарын міндетті түрде сақтау);

- медициналық кітапшаның болуы бойынша талаптар (қызметкердің қолданыстағы медициналық кітапшасы болуы және тұрақты түрде медициналық тексеріп-қараулардан өтіп тұру міндеті);

- тамақ өнімдерімен жұмыс істеу бойынша егжей-тегжейлі міндеттер (жарамдылық мерзімдерін, сақтау шарттарын, шикізат пен дайын өнімнің сапасын бақылау);

- жабдықтармен жұмыс істеу (ас үй инвентарымен (пышақтар, плиталар және т.б.) жұмыс істеу кезінде техникалық қауіпсіздікті міндетті түрде сақтау;

- еңбекті қорғау бойынша кеңейтілген міндеттер (жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету және қауіпсіздік қағидаларын сақтау) көзделеді.

 

Үлгілік еңбек шарттары