
Сыйлықты алған күннен бастап не сыйлықты алғаны белгілі болған күннен бастап жеті күн ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне алған мемлекеттік қызметшілер немесе өзге де адамдар оларды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 57 ғимарат, тел.270-392 мекенжайы бойынша орналасқан Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті) өтеусіз береді.
Сыйлықты беру туралы өтініште мынадай мәліметтер болуға тиіс:
- Сыйлық тапсырушының Т.А.Ә., лауазымы, жұмыс орны, байланыс деректері, жеке куәлігінің деректері;
- сыйлықтың атауы, оның саны және қысқаша сипаттамасы;
- сыйлықты сатып алуға келісім беру немесе сатып алудан бас тарту туралы ақпарат.
Тапсырылған сыйлықты беру сатып алу-сату шартында көрсетілген сыйлықтың құны толық төленгеннен кейін уәкілетті орган мен сыйлықты тапсырған адам арасында қабылдау-тапсыру актісіне қол қою арқылы жүргізіледі.
Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады.
Анықтама үшін: «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 472-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес уәкілетті органға сыйлық түріндегі мүлікті толық және (немесе) уақтылы бермегені үшін, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, әкімшілік-құқықтық жауапкершілік көзделген.