Мемлекеттік еңбек инспекторының кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша өткізген семинары.

Мемлекеттік еңбек инспекторының кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша өткізген семинары.
2026 жылғы 21 мамырда «ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаменті» РММ Ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің бастамасымен білім беру саласы жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша құқықтық сауаттылығы мен ақпараттандырылуын арттыру жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасымен, прокуратура органдарының өкілдерімен, СҚО Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы заң клиникасының жетекшісімен бірлесіп, аудандық, қалалық филиалдардың төрағалары, әлеуметтік серіктестер болып табылатын білім бөлімдерінің басшылары, облыстың білім беру мекемелерінің басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары үшін семинар өткізді.
Мемлекеттік еңбек инспекторы А. М. Валеев «Білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау (жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер). Ұжымдық шарттарды есепке алу және мониторингілеу», «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау», «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде жұмыс істеу» тақырыптарында баяндама жасады. 
Сонымен қатар, семинарға қатысушылардан келіп түскен сұрақтарға егжей-тегжейлі түсіндірмелер берілді.
Семинардың интерактивті жұмыс режимі қатысушылардың өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алып қана қоймай, сонымен қатар іс-тәжірибелік жағдайларды талқылауына, тәжірибе алмасып, кәсіби міндеттерді шешудің жаңа тәсілдерін әзірлеуіне мүмкіндік берді. Ашық қарым-қатынастың форматы тыңдаушылардың пікірталасқа белсенді қатысуына ықпал етті, аталған іс-шараны мазмұнды, пайдалы етіп, аудиторияның нақты қажеттіліктеріне барынша бағыттады