"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Тайынша ауданының білім бөлімі" КММ "Тайынша қаласының № 4 орта мектебі" КММ қызметкерлерімен ҚР еңбек заңнамасының негізгі талаптары бойынша семинар

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Тайынша ауданының білім бөлімі" КММ "Тайынша қаласының № 4 орта мектебі" КММ қызметкерлерімен ҚР еңбек заңнамасының негізгі талаптары бойынша семинар
2026 жылғы 15 мамырда Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторлары «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Тайынша қаласының № 4 орта мектебі» КММ қызметкерлерімен семинар өткізді.
Семинар барысында қызметкерлерге Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс берушінің нұсқамалар жүргізу және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына жол бермеу жөніндегі міндеттері түсіндірілді.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарын бұза отырып түнгі уақытта және каникул кезеңінде жұмысқа тартуға жол бермеу мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.
Педагог қызметкерлерді және мектептің өзге де қызметкерлерін олардың еңбек міндеттерінде көзделмеген жөндеу жұмыстарына тартуға жол берілмейтініне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ кездесу барысында педагогтердің еңбекақысын төлеу тәртібі мен шарттарын реттейтін қолданыстағы заңнама нормалары, оның ішінде жалақыны есептеу, қосымша төлемдер, үстемеақылар және жалақыны төлеу мерзімдерін сақтау мәселелері түсіндірілді.
Семинар қорытындысы бойынша қызметкерлерге еңбек заңнамасының бұзылу фактілері анықталған жағдайда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне жүгіну ұсынылды.