
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде 18 жасқа толмаған қызметкерлер үшін ерекше кепілдіктер көзделген. Кәмелетке толмағандар ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарға, сондай-ақ түнгі және үстеме жұмыстарға жіберілмейді. Бұл санаттағы қызметкерлер үшін қысқартылған жұмыс уақыты белгіленіп, қауіпсіз еңбек жағдайлары қамтамасыз етіледі.