
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлерге үстеме жұмыс, мереке және демалыс күндеріндегі жұмыс, сондай-ақ түнгі уақыттағы жұмыс үшін жоғарылатылған мөлшерде ақы төлеуге кепілдік беріледі. Жұмыс беруші еңбек заңнамасының талаптарын сақтауға және жалақыны уақтылы төлеуге міндетті.