
2026 жылғы 08 мамырда Қызылжар ауданының Бескөл ауылында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті РММ-нің мемлекеттік еңбек инспекторы Әбдіқасымова Ж. «Мирас» ГККП бөбекжай-балабақшасында қызметкерлермен семинар өткізді.
Іс-шара барысында ҚР Еңбек кодексінің 23, 33, 68, 77 және 182–185-баптарының нормалары түсіндіріліп, еңбек заңнамасын сақтау, еңбек шарттарын жасасу тәртібі, үстеме жұмыстарға тарту, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, сондай-ақ Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін жүргізу және еңбек шарттарын Enbek.kz ақпараттық жүйесінде тіркеу мәселелері қаралды.