2026 жылғы 5 мамырда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавл қаласының кәсіпкерлерімен дөңгелек үстел өткізді.

Кездесу барысында қатысушыларға еңбек шарттары туралы мәліметтерді enbek.kz ақпараттық жүйесіне енгізу тәртібі мен мерзімдері түсіндірілді. Еңбек шарттарын жасалған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде тіркеу қажеттілігіне, сондай-ақ жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар мен қосымша келісімдерді дұрыс ресімдеуге ерекше назар аударылды.

Кәсіпкерлерге еңбек шартының міндетті деректемелері, қызметкерлерді басқа жұмысқа ауыстыру, еңбек жағдайларын өзгерту және еңбек шартын бұзу кезінде өзгерістер енгізу тәртібі туралы егжей-тегжейлі айтылды. Сондай-ақ қатысушыларға жүйеге мәліметтерді уақытылы әрі дұрыс енгізбегені үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігі туралы ескертілді.

Іс-шара соңында қатысушылар тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді талқылады және еңбек заңнамасының талаптарын қолдану және enbek.kz жүйесімен жұмыс істеу бойынша түсініктемелер алды.