«Изолит» ЖШС-дағы еңбек және азаматтық-құқықтық қатынастарының ерекшеліктері мен айрықша белгілерін түсіндіру

«Изолит» ЖШС-дағы еңбек және азаматтық-құқықтық қатынастарының ерекшеліктері мен айрықша белгілерін түсіндіру
2026 жылғы 30 сәуірде мемлекеттік еңбек инспекторы А.В. Сергеев «Изолит» ЖШС-да түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында басты назар еңбек және азаматтық-құқықтық қатынастарды ажырату мәселелеріне аударылды. Қатысушыларға еңбек шартының негізгі белгілері, соның ішінде белгілі бір лауазым бойынша жұмысты орындау, ішкі еңбек тәртібі қағидаларына бағыну және жұмыс берушінің еңбек жағдайларын қамтамасыз ету міндеті түсіндірілді. Еңбек қатынастарын азаматтық-құқықтық шарттармен алмастыру қызметкерлердің құқықтарының бұзылуына және заңды жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екені баса айтылды.
Іс-шараға ЖШС-ның 5 қызметкері, соның ішінде кәсіпорынның кадр қызметінің өкілдері қатысты. Осыған байланысты, еңбек шарттарын дұрыс ресімдеу, жұмысқа қабылдау және кадрлық құжаттаманы жүргізу кезінде заңнама талаптарын сақтау қажеттілігіне ерекше тоқталды.
Сонымен қатар, кездесу барысында еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері қозғалды. Қатысушыларға техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтаудың, нұсқамалар өткізудің және өндірістік жарақаттанудың алдын алу шараларын қабылдаудың маңыздылығы, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау үшін жұмыс берушінің жауапкершілігі туралы ескертілді.
Қорытындылай келе, еңбек қатынастары саласындағы кемсітушілікке жол бермеу мәселесі түсіндірілді. Барлық қызметкерлер үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, қандай да бір белгілері бойынша шектеулерге жол бермеу, сондай-ақ сыйластық пен қауіпсіз жұмыс ортасын қалыптастыру қажеттілігі атап өтілді.