Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында еңбекті қорғау жөніндегі айлықты өткізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті үш негізгі номинация бойынша конкурс ұйымдастырып, сәтті өткізді:
- "Еңбекті қорғаудың үздік қызметі";
- "Еңбекті қорғау жөніндегі үздік инженер";
- "Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор".
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада салтанатты түрде өтті. Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіподақ орталығының өкілдері, сондай-ақ өңір кәсіпорындарының өкілдері қатысып, өткізілетін конкурстың маңыздылығы мен қоғамдық сипатын атап өтті.
Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылды:
"Еңбекті қорғаудың үздік қызметі" номинациясында — қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі жүйесін ұйымдастырудың жоғары деңгейін көрсеткен "СЕВКАЗЭНЕРГО" акционерлік қоғамы.
"Еңбекті қорғау жөніндегі Үздік инженер" номинациясында — Уваров Максим Сергеевич, "CT Assembly" ЖШС, еңбекті қорғау саласындағы тиімді шешімдерді енгізу және жауапкершілігі, кәсібилігі үшін атап өтілді.
"Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор" номинациясында — Сигутин Анатолий Анатольевич, "С. М. Киров атындағы зауыт" акционерлік қоғамы қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелерінде жоғары құзыреттілік пен қағидаттылықты көрсетті.
Мұндай конкурстарды өткізу еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыруға, озық тәжірибемен алмасуға және еңбекті қорғау саласындағы мамандардың кәсіби қоғамдастығын нығайтуға ықпал етеді.