«Зияткерлік технологиялар: еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жаңа деңгейі» атты KIOSH конференциясына қатысу

«Зияткерлік технологиялар: еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жаңа деңгейі» атты KIOSH конференциясына қатысу
2025 жылғы 28–29 сәуірде Астана қаласында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орайластырылған «Зияткерлік технологиялар: еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жаңа деңгейі» атты ауқымды KIOSH конференциясы өтуде.
Іс-шара еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін мемлекеттік органдардың, бизнестің және сарапшылар қауымдастығының өкілдерін біріктіреді.
Конференция аясында кәсіби тәуекелдерді басқару жүйесіндегі заманауи тәсілдер мен цифрлық шешімдерге арналған пленарлық сессиялар ұйымдастырылды.
Қатысушылар алдында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Е.Ж. Тұяқбаев құттықтау сөз сөйлеп, еңбекті қорғау саласына инновациялық технологиялар мен цифрландыруды енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.К. Сабаганов қатысуда.
Мұндай іс-шараларды өткізу тәжірибе алмасуға, кәсіби диалогты дамытуға және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету саласына озық тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді.