
Адам саудасының алдын алу және еңбекті пайдалану құрбандарын анықтау бойынша ведомствоаралық жұмылдыру тобының 2026 жылғы 2-тоқсанға арналған шығу кестесі аясында ағымдағы жылғы 20 сәуірде ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары А.К. Кушербаев Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының өкілдерімен бірлесіп, СҚО Есіл ауданының Амангелді ауылында азаматтармен адам саудасына байланысты қылмыстардың, мәжбүрлі еңбектің, оның ішінде балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу, оны болдырмау және оған қарсы күрес бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.