
2026 жылдың 20 сәуірінде Айыртау ауданының кәсіпкерлерімен шетелдік жұмыс күшімен (ШЖК) еңбек шарттарын Enbek.kz (ЕШТБЖ) ақпараттық жүйеге енгізу мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының талаптары түсіндірілді, оған сәйкес барлық еңбек шарттары, соның ішінде шетелдік қызметкерлермен жасалған шарттар жүйеге міндетті түрде енгізілуі тиіс. Мәліметтерді енгізбеу бұзушылық болып табылады және жауапкершілікке әкеп соғады.
ЖСН болу қажеттілігін және деректерді енгізудің белгіленген мерзімдерін сақтауды қоса алғанда, шетелдік қызметкерлермен шарттарды тіркеу тәртібіне ерекше назар аударылды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 15 ұйымға шетелдік жұмыс күшін тартуға 76 рұқсат берілді, оның ішінде 59 еңбек шартының мәліметтері ЕШТБЖ енгізілді. 17 рұқсат бойынша құжаттардың болмауына, тіркелуіне не деректердің жүйеге енгізілмеуіне байланысты бұзушылықтар анықталды.
Жұмыс берушілерге заңнаманың талаптарын қатаң сақтауға және мәліметтердің Enbek.kz уақтылы енгізілуін қамтамасыз етуге кеңес беріледі.