Дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау күніне арналған айлық аясындағы Ашық есік күні

Дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау күніне арналған айлық аясындағы Ашық есік күні

2026 жылғы 15 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған айлық аясында ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде Ашық есік күні өтті.

 Іс — шара барысында Департамент мамандары азаматтардың өтініштерін қабылдады: 12 адам жеке қабылдауда болды, 18 адам телефон арқылы жүгінді. Өтініш білдіргендердің барлығына Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормалары, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.

 Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді және еңбек қатынастары саласында білікті консультациялық көмек алудың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.