Қызметкерлер еңбек міндеттерін атқарған кезде оларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы

Қызметкерлер еңбек міндеттерін атқарған кезде оларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы

Ағымдағы жылғы 13 сәуірде «Целинное-2004» ЖШС базасында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары А.К. Кушербаевтың және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі Р.А. Аңбаевтың қатысуымен көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Бұл іс-шара егіс науқаны қарсаңында тәжірибе алмасу және аграрлық саланың өзекті міндеттерін талқылауға арналған дәстүрлі алаңға айналды.

Кеңес барысында қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін сақтауға ерекше назар аударылды.

Қызметкерлер еңбек міндеттерін атқарған кезде оларды міндетті сақтандыру шарттарын жасасудың маңыздылығы атап өтілді.

Кеңеске қатысушылар саланы одан әрі дамыту ғылымның, бизнестің және мемлекеттің үйлестірілген жұмысын, сондай-ақ ауыл шаруашылығында озық тәжірибелерді белсенді енгізуді талап ететінін атап өтті.