Азаматтарды жеке қабылдау

Азаматтарды жеке қабылдау
2026 жылғы 14 сәуірде Петропавл қаласында орналасқан «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-де департамент басшысы М.К. Сабаганов азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында азаматтың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру жөніндегі өтініші қаралды.
Өтініш иесіне Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 182-бабына сәйкес түсіндірме берілді, оған сәйкес жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша шаралар қабылдауға, қызметкерлерді оқыту мен нұсқама жүргізуге, сондай-ақ қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды ұйымдастыруға міндетті.
Қабылдау қорытындысы бойынша өтініш иесіне қолданыстағы заңнама бойынша қажетті түсіндірмелер берілді.