
Назарларыңызға саламыз: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес барлық еңбек шарттары міндетті түрде жасалып, Enbek.kz ақпараттық жүйесіне енгізілуі тиіс.
📌 Бұл талап БАРЛЫҚ қызметкерлерге, оның ішінде шетелдік жұмыс күшіне де қолданылады.
📌 ҚР Еңбек кодексінің 23, 24 және 33-баптарына сәйкес:
— еңбек қатынастары жұмыскердің нақты жұмысқа кірісуінен туындайды
— еңбек шарты міндетті түрде жасалуы тиіс
— жұмыс беруші оны тиісті түрде рәсімдеуге міндетті
👉 Enbek.kz жүйесіне еңбек шартын енгізбеу – еңбек заңнамасын бұзу болып табылады.
Жұмыс берушілерді заң талаптарын сақтауға және еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етуге шақырамыз.
#ЕңбекЗаңнамасы #Enbek #ГИТ #Қазақстан