
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орайластырылған айлық аясында,
ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің СҚО бойынша департаментімен жоғары құрылыс - экономикалық колледж студенттері үшін "Мұнаймаш"АҚ кәсіпорнына экскурсия ұйымдастырылды.
Студенттермен өндірістегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтаудың маңыздылығы туралы әңгіме жүргізілді, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы бойынша кіріспе нұсқаулық өткізілді.
Экскурсия барысында қатысушылар кәсіпорынның өндірістік үдерісімен танысуға мүмкіндік алды. Зауыт мамандары "Мұнаймаш" АҚ қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып, цехтардың жұмысын, технологиялық жабдықтарды және өнімді дайындау кезеңдерін көрсетті. Студенттер өндірістің іс жүзінде қалай жүзеге асырылатынын, қандай заманауи технологиялар қолданылатынын және кәсіпорын қандай өнімдер шығаратынын көрді.
Іс-шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға кәсіпорын мамандарынан толық жауаптар алды.