ІС-ШАРА ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

ІС-ШАРА ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

2026 жылғы 15 сәуірде сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавл қаласының мейрамхана бизнесі және қоғамдық тамақтану саласында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерімен жұмыс кездесуін (кеңес) өткізеді.

Іс-шараның мақсаты:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау мәселелері бойынша өзекті сұрақтарды талқылау.

Кездесу аясында келесі мәселелер қаралатын болады:

  • Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігіндегі талаптарын сақтау;
  • кәмелетке толмаған жұмыскерлердің еңбегін құқықтық реттеу ерекшеліктері;
  • жұмыскерлерді үстеме жұмысқа тарту тәртібі;
  • азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды жасасудың құқықтық аспектілері;
  • жұмыскерлермен еңбек қатынастарын тиісінше ресімдеу тәртібін түсіндіру;
  • kz порталымен жұмыс істеу кезінде жол берілген бұзушылықтар үшін жұмыс берушілердің әкімшілік жауапкершілігі.

Қатысуға шақырылады қоғамдық тамақтану объектілерінің басшылары мен меншік иелері, мейрамхана, кафе, бар, асхана және өзге де мекемелердің басқарушылары, кадр қызметінің мамандары, бухгалтерлер, әкімшілер және өзге де мүдделі тұлғалар.

 

📍 Күні: 2026 жылғы 15 сәуір

📍 Уақыты: 15:00

📍 Өтетін орны: Кәсіпкерлер палатасының базасында

(Петропавл қ., Е. Бөкетов көшесі, 31А)