
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы мен @respublica_partiasy_sko партиясының шақыруымен өңірдің бизнес өкілдері және кадр қызметінің мамандарымен өткен кездесуге қатысты.
Семинардың негізгі тақырыбы еңбек заңнамасындағы өзгерістер, сондай-ақ enbek.kz порталындағы Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕСЕБЖ) жұмыс істеу ерекшеліктері болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға кадрлық іс жүргізудің міндетті талаптары түсіндіріліп, enbek.kz жүйесімен жұмыс істеудің практикалық аспектілері қарастырылды. Сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілік мәселелері мен олардың алдын алу шаралары талқыланды.