Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған конкурс өткізу

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған конкурс өткізу

28 сәуір — Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. Жыл сайын бүкіл әлемде бұл күні еңбекті қорғау саласындағы қызметті дамытуға және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған іс-шаралар өткізіледі.

Бұл мереке еңбек жағдайларының қауіпсіздігі саласында қадағалау қызметін жүзеге асыратын мамандарға арналып белгіленген.

Биыл Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында, еңбекті қорғау айлығы аясында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаменті өңірлік деңгейде байқау өткізеді. Байқауға қатысу тегін негізде жүзеге асырылады.

Байқау кәсіпорын қызметкерлерінің өндірістік жарақаттануы мен кәсіптік ауруларының алдын алу тиімділігін арттыру, сондай-ақ жұмыс берушілерді қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға ынталандыру мақсатында меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар арасында келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

  1. «Үздік еңбекті қорғау қызметі»;
  2. «Үздік еңбекті қорғау инженері»;
  3. «Үздік еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор».

Байқауға қатысу үшін қатысушылар 2026 жылғы 17 сәуірге дейінгі мерзімде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаментіне қатысушы-кәсіпорын басшысы мен жауапты орындаушы қол қойған, әр номинация бойынша бөлек ресімделген еңбекті қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы практикалық материалдарды ұсынуы қажет.

Сонымен қатар, материалдарда мынадай сипаттамалар қамтылуы тиіс:

- еңбекті қорғау жұмысын ұйымдастыру (еңбекті қорғау іс-шараларын қаржыландыру, еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу жұмыстары, қызметкерлердің өндірістік жарақаттануы мен кәсіптік ауруларының алдын алу шаралары);

- еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету (өндірістегі қауіпті және зиянды факторлар мен тәуекелдерді азайту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру);

- қауіпсіздікті техникалық реттеу (енгізілген еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттары);

- әлеуметтік әріптестік (нақты кәсіпорындағы ұжымдық шарт, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан әлеуметтік және міндетті сақтандыру бойынша орындалған міндеттемелерді көрсете отырып);

- материалдарда фотосуреттер, өндірістік схемалар, диаграммалар, түсіндірме жазбаның мәтінінде оларға сілтемелері бар кестелер болуы тиіс.

Материалдар қағаз және электронды тасығыштарда қабылданады.

Сізді аталған байқауға қатысуға шақырамыз және қатысушылардың материалдарын 2026 жылғы 17 сәуірге дейінгі мерзімде Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-ға, 111-кабинетке жолдауды сұраймыз, байланыс телефоны: 8-715-2-46-37-73.